Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, Бағлан Айтпаевтың төрағалығымен 2025 жылдың 12 айында атқарған қызметінің қорытындысына арналған жиын өтті.
Жиында қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар жан-жақты талқыланды. Есептік кезеңде тіркелген құқықбұзушылықтар саны 154-ті құрап, бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 24,5% пайызға төмендегені атап өтілді.
Профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде аудан аумағында аса ауыр және орта дәрежелі қылмыстар айтарлықтай азайып, қылмыстардың ашылу деңгейі 93,5%-ға жетті. Сонымен қатар, алаяқтық қылмыстар жалпы қылмыс құрылымының 32,4%-ын құрап, олардың ашылу деңгейі 95,7%-ға жетті.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, жол қозғалысы қауіпсіздігі мен әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында нақты шаралар қабылданды. Алдағы 2026 жылға профилактикалық жұмыстарды күшейту, қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру және қызметтік тәртіпті қатаң сақтау негізгі міндеттер ретінде айқындалды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі