МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

Білім беру инфрақұрылымын дамыту – «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасында айқын көрсетілген басым бағыттардың бірі екені белгілі. Сайлаушылармен кездесулер барысында көтерілген өзекті мәселелер партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасына енгізіліп, олардың орындалуы бақылауымызға алынған. Осы санаттағы әлеуметтік маңызы бар нысандардың бірі – Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылында бой көтеріп жатқан 600 орындық жаңа мектептің құрылысы.

Тұрғындарының саны жүйелі түрде артып жатқан елді мекендегі мектеп құрылысының барлық кезеңі партиялық бақылауға алынған. Жуырда нысанның құрылыс барысын партияның Ордабасы аудандық филиалының төрағасы Әлиасқар Бердімұрат, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұрзат Ортай, мәслихат депутаты Ғалымжан Қалқаманов және комиссия мүшелері кезекті мәрте барып көрді.

Партия өкілдері ғимараттың дайындығын, мердігер компанияның жұмыс қарқынымен және қаржының игерілу барысымен танысты. Құрылыс жұмыстары «Дос и К» ЖШС-гі тарапынан жүргізілуде. Жоба бойынша келісімшарт 2023 жылдың 25 желтоқсанында бекітілген, жалпы құны 2,7 миллиард теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылып, нысан биылғы желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Қазіргі таңда қосымша корпустың қабырғалары қаланып, ішкі әрлеу жұмыстары қолға алынған. Аудандық партия филиалының төрағасы Әлиасқар Бердімұрат құрылыс сапасына ерекше назар аударылатынын атап өтті.

«- Партиямыздың басты ұстанымы – әрбір бастама нақты нәтиже беруі керек. Бұл мектеп – Шұбарсу ауылының балалары үшін сапалы білім мен заманауи жағдайдың кепілі. Сондықтан құрылыс сапасы, мерзімі және қаржының мақсатты жұмсалуы біздің партиялық бақылауда болады», – деді ол.

Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері нысанның техникалық талаптарға сәйкестігін тексеріп, мердігерге жұмысты белгіленген кестеге сай әрі сапалы орындауды қатаң тапсырды.

Атап өтуіміз керек, «AMANAT» партиясы 2023–2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасында үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер, мектепке дейінгі білім беру мекемелердегі орын тапшылығы, мектеп оқушыларының шамадан тыс жүктемесі, ауыл мен қаладағы білім беру сапасындағы теңсіздік мәселелерін түбегейлі шешуді көздейді. Жалпы, ел аумағында партия кемінде 1,2 миллион оқушы орнын және балабақшаларда 300 мың орын ашуды қамтамасыз етеді. Жөндеуді және заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуді қоса алғанда, еліміздегі үш мың мектеп толық жаңғыртылады деген міндет қойылған. Еліміз бойынша партияның қадағалауымен салынуы жоспарланған 96 мектептің құрылысы партияның Түркістан облыстық филиалының Жол картасына енгізілген.

Шұбарсуда бой көтеріп жатқан білім ошағының құрылысы партияның осы бағыттағы жұмыстарының бірі . Нысан іске қосылған соң, ауылдағы білім беру сапасы жақсарып, балалар кең әрі жарық сыныптарда заманауи құрал-жабдықтармен оқитын болады. Сонымен қатар, жаңа мектеп жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын ашып, әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына серпін береді.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

СОЗАҚ САПАЛЫ СУ ІШЕДІ

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша Созақ ауданында халықты қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Созақ…
Толығырақ

СТУДЕНТТЕР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

«Түркістанда жұмысшы мамандығында оқитын студенттер өндіріс орнында тәжірибе алмасты» деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Тәжірибе барысында 1-курс студенттері…
Толығырақ

Үш жүзден аса өтінім қаралды

Экология департаменті экологиялық реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясына, Экология…