«Келес ауданының полиция бөлімінің бастығы Алмас Мырзахметов пен Келес ауданы білім бөлімінің мамандары №7 жалпы орта мектебінде профилактикалық түсіндіру шараларын өткізді» деп хабарлайды habarlike.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі сілтеме жасап.
Кездесуде барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, мамандардан нақты әрі түсінікті жауаптар алды.
Шара барысында құқық қорғау органдарының өкілдері кәмелетке толмағандарға қатысты құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша түсініктемелер берді. Оқушыларға заң бұзушылықтардың қоғамға және жеке адамға әсері, сондай-ақ қауіпсіз өмір салтын сақтау жолдары жан-жақты түсіндірілді.