Түркістан облысының Әділет департаменті және Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында М.Әбенова атындағы мектеп оқушыларына танымдық семинар іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға деген құрметті арттыру мен тәртіп сақтаудың маңызын түсіндіру және қаржылық сауаттылықты түсіндіру болды.
Шара барысында оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп сұхбат ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, оқушылар заң талаптарын сақтаудың қоғам үшін қаншалықты маңызды екені талқыланды.
habarlike.kz