Пациенттің құқықтары мен міндеттері талқыланды

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ТО бойынша өкілі Наталья Қожабекова Түркістан облысының денсаулық сақтау басқарма басшы орынбасары М.Е. Мамбетовамен бірге Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК мәжіліс залында бекітілген кестеге сәйкес қызметкерлерге Адамның және Азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылықтардың профилактикасы ретінде адам мен азаматтың денсаулық сақтау құқығы саласындағы заңнамалар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында денсаулық сақтау саласындағы негізгі құқықтық нормалар, медициналық көмекті алу тәртібі, пациенттің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ медициналық құпияны сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және пациенттермен этикалық қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.

Кездесу барысында Омбудсмен өкілі Облыстық клиникалық ауруханасының қызметкерлерінен сұрақтар назарға алынып, өкіл тарапынан нақты жауаптар берілді.

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілдігі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдық мерекесі және «18 қазан – Рухани келісім күніне» орай облыстық дін істері басқармасының…
Толығырақ

Үш жүзден аса өтінім қаралды

Экология департаменті экологиялық реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясына, Экология…