Қазығұрттағы қызықты сайыс

«Қазығұрт ауданында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді ұлықтап, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін «Ауылдағы бір күнім» атты реалити-шоу сайысы өтті» деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі. Ауқымды шараға аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы қатысып, қатысушылар мен көрермендерге ізгі тілегін білдірді. Жарысқа ауданға қарасты 13 ауылдық округтен келген қатысушылар бірнеше командаға бөлініп, өзара бақ сынасты. Шара барысында ұлттық ойындар мен тағам түрлері арқылы ауыл өмірінің көріністері бейнеленді.
Сайыс ережесіне сәйкес, жігіттер арасында садақ пен асық ату, қазақ күресі, таяқ тартыс, алыптар сайысы және арқан тарту сынды ұлттық ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Ал қыз-келіншектер қауымы табаға нан жабу, қамыр жаю, кеспе кесу, жент жасау сынды асханалық өнерлерін көрсетті. Жарыс барысында әр команда ауыл өмірінің сәні мен салтын таныстырып, өз өнері мен шеберліктерін паш етті. Сайыс қорытындысына сәйкес, жүлделі 1-орынға Тұрбат ауылы, 2-орынға Қарабау ауылы, 3-орынға Қазығұрт ауылы ие болды. Үздік деп танылған командалар арнайы дипломмен, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
А. Педан.
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Шардарада сабантой жақын

Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев күзгі жиын-терім науқанының барысымен танысу мақсатында Алатау батыр және Ұзын ата ауылдық округтерін…