Қоғамға қызмет ету мәртебелі парыз!

«Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің І тоқсандық отырысы өткенін хабарлайды. Күн тәртібінде Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын таныстыру, талқылау және бекіту, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасы аясында медиация институтын дамыту, «Елдесу және татуласу» жобасы аясында Сайрам ауданында 2025 жылы атқарылған жұмыстар мен 2026 жылға жоспарланған жобалар қаралған.

Отырыс барысында қатысушылар медиацияның қоғамдағы рөлі, дау-дамайлардың алдын алу, азаматтық келісім мен татулықты нығайту мәселелері бойынша пікір алмасып, нақты ұсыныстарын білдірді.

Жиынға Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы Бейсембаев Бақытжан Жармаханұлы модераторлық еткен.

Отырыстың негізгі мақсаты – медиация институтын дамыту, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, сондай-ақ 2026 жылға арналған жұмыс жоспарларын талқылау және бекіту болды.

Жиында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Жанғазиева Эльмира Ұласбекқызы, Медиация кеңесінің мүшелері, Сайрам аудандық филиалының басшысы Айтбаев Базарбай Мамадиярұлы, кәсіби медиатор Даванова Саяра Мирзалиқызы баяндама жасаған.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts