Құқық бұзушылықтың алдын алу қоғамның ортақ міндеті

«Түлкібас ауданында Түлкібас аудандық соты мен аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кезесу өтті» деп хабарлайды Түркістан облыстық сотының Баспасөз қызметі.

Жиын барысында аудандық соттың төрағасы М.Ырсымбетов медиация, еңбек, негізсіз байлықты өндіру, азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы туралы тақырыптарды түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, аудандық сотта көп қаралып келген алаяқтық, есірткі айналымы және қаржылық пирамида туралы қылмыстарды талқылады.

Іс-шараға ауданның білім беру мекемелерінің басшылары, билер, кәсіби, қоғамдық медиаторлар, сондай-ақ жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысып, дау-жанжалдарды сотқа жеткізбей, бейбіт жолмен шешудің қоғам үшін тиімді екенін жеткізді.

«Жиын соңында қылмыстық заңнамаға жаңадан енгізілген «Сталкинг», «Некеге тұруға мәжбүрлеу», «банктік шотқа, төлем құралына қолжетімділікті заңсыз ұсыну, сондай-ақ төлемдерді заңсыз жүзеге асыру»(дроппер) баптары бойынша түсіндіріп, құқық бұзушылықтың алдын алу бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті» дейді баспасөз қызметінің хабарламасында.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts