Құқық бұзушылықтың алдын-алу жөнінде жиын өтті

«Бәйдібек ауданында құқық бұзушылықтың алдын-алу шаралары және қоғамдық-саяси ахуал мәселелері жөнінде мекемеаралық жиын өтті» деп хабарлайды Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Күн тәртібінде аудандағы құқық бұзушылықтың алдын алу және жауапты тұлғалардың 2025 жылы атқарған профилактикалық жұмыстарының тиімділігіне баға беру туралы аудан прокурорының орынбасары Ернұр Нышанов, аудан әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік және құпия режимді қамтамасыз ету бөлімшесінің бас инспекторы Ертөстік Избасов, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Марат Жұмабеков және аудандық білім бөлімінің басшысы Ерболат Пернеев баяндама жасады.

Баяндамаларда құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар, өзекті мәселелер және алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер кеңінен талқыланды. Жиында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын жүйелі түрде жалғастыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстарын күшейту, сондай-ақ мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды арттыру қажеттігі атап өтілді.

Аудан прокуроры Мәди Байтелиевтің төрағалығымен өткен жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімше басшылары, ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органдарының басшылары, дербес бөлім жетекшілері, төбе билер мен ардагерлер кеңесінің төрағалары, құзырлы мемлекеттік органдардың жауапты тұлғалары, қоғам белсенділері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, аудандағы қоғамдық-саяси ахуал туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Өскен Алдамжаров баяндама жасап, аудандағы қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, көтерілген мәселелер хаттамаға енгізілді.

Аудан көлемінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қоғамдық тұрақтылықты сақтау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болады.

Т. Тайыр.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Иранда кедейлік ушығып барады

Халықаралық санкциялар күшейген сайын Ирандағы теңсіздік пен кедейлік ушығып барады. Бұл туралы Donya-ye-Eghtesad газетінде жарияланды, деп хабарлайды Report. Басылым…
Толығырақ

Кәсіподақ мүшелері үшін құқықтық білім беру семинары өтті

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасының орынбасары А.Бахтыбаев Түркістан қаласындағы «Ерқанат Тәңірбергенов атындағы Түркістан индустриалды-техникалық колледжінің»…