Қытайлық инвесторлармен кездесті

Түркістан облысында маңызды жобаларды жүзеге асыру бойынша инвесторлармен келіссөздер жүргізілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қытай Халық «Республикасынан келген инвесторлармен кездесті. Кездесуде облыста жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, әріптестікті нығайту жолдары талқыланды. Облыс әкімі өңірді дамытудың негізгі бағыттарына тоқталып, бірлесе жұмыс істеуге шақырды» делінген баспасөз хабарламасында.

«Qingdao Wanlin» компаниясының басшысы Яньтао Ли инвесторларға қолайлы мүмкіндік жасаған облыс әкімдігіне ризашылығын білдіріп, жаңа жобаларымен таныстырды. Сонымен бірге арнайы келген инвесторлармен таныстырып, олар да Түркістан облысында өндірісті дамыту бағытындағы жобаларға атсалысатындарын жеткізді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін кәсіпорындар салу, үй жануарларына арналған жем шығару кәсіпорнын ашу, өндіріс орындарын ашу, туризм бойынша Орталық Азиядағы ең үлкен аквапарктердің бірін салу және өзге де жобаларды ұсынды. Бұл бастамалар толық зерделеніп, тиімділігіне қарай жүзеге асырылады.

– Түркістан облысының әлеуеті өте жоғары. Ауыл шаруашылығында терең өңдеу саласын дамыту, индустриалды аймақтарда өндірісті өркендетуге мүмкіндіктер мол. Жаңа зауыттар мен кәсіпорындар ашу арқылы жұмыс орындарын көбейтуге мүдделіміз, – деді Нұралхан Көшеров.

Айта кетейік, Түркістан облысында инвестиция тарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 11 ай нәтижесімен негізгі капиталға 1,4 трлн теңге инвестиция бағытталып, өсім 123%-ды құрады Жылдық жоспар мерзімінен бұрын орындалды. Былтыр 11 айда 44 жоба іске қосылып, 6 637 жұмыс орны ашылды.

Х.Ақпарат.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІ «ЗАМАН МЕН МӘДЕНИЕТ ДИАЛОГЫНДАҒЫ ЯСАУИ МҰРАСЫ: ГУМАНИСТІК БАҒЫТ-БАҒДАР МЕН ЗАМАНАУИ СЫН-ҚАТЕРЛЕР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМҒА ҚАТЫСТЫ

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Түркістанда өтіп жатқан «Заман мен мәдениет диалогындағы Ясауи мұрасы: гуманистік бағыт-бағдар мен заманауи сын-қатерлер»…