Қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат берді

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің «Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясы аясындағы кезекті кездесуі «Төлеби аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымында өз жалғасын тапты» деп хабарлайды Түркістан Облысы Кәсіподақтар Орталығы.

Кездесу барысында Бердіғали Өмірәлі еңбек ұжымындағы өзекті мәселелерді талқылап, кәсіподақ мүшелеріне еңбек қатынастарын реттеу, ұжымдық және жеке еңбек шарттарын сақтау, сондай-ақ жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты ақпарат беріп өтті.

Бұдан басқа кәсіподақ мүшелері өз тарапынан еңбекақыны көбейту, денсаулықтарын түзету үшін шипажайларға жолдама алу, қауіпсіздік талаптарының сақталуы сияқты маңызды мәселелерді көтерді. Өз кезегінде кәсіподақ төрағасы барлық ұсыныстардың назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Іс-шара соңында барлық қатысушылар жылы лебіздерін білдіріп, алдағы уақытта да осындай кездесулерді жалғастыруға ниетті екендіктерін айтты.

П. Асан,

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістан: КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГТЕРІ ФРАНЦИЯ, ГЕРМАНИЯДА КӘСІБИ БАҒЫТТА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Өңірдегі колледж педагогтері мен басшылары Франция, Германия еліндегі кәсіпорындармен техникалық және кәсіби білім беру орталықтарында тәжірибе алмасуда. Әріптестерді…
Толығырақ

СОЗАҚ САПАЛЫ СУ ІШЕДІ

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша Созақ ауданында халықты қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Созақ…