Сарыағашта айналма жолдың құрылысы биыл басталады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында елдегі көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше тоқталды. Соның ішінде, Сарыағаш қаласы маңындағы көлік қозғалысының тығыз екенін атап өтіп, осы мәселені шешу мақсатында биыл «Сарыағаш айналма жолы» жобасының құрылысын қолға алу қажеттігін айтты.

«Президенттің тапсырмасын іске асыру аясында «Сарыағаш айналма жолын» салу жобасын жүзеге асыру бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті тарапынан мердігерді анықтау мақсатында конкурстық рәсімдер атқарылып жатыр» деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сарыағаш айналма жолының жалпы ұзындығы 102 шақырымды құрайды. Бұл жол – I б санатындағы, 4 жолақты автомобиль жолы. Жоба республикалық маңызы бар А-15 автомобиль жолына балама бағыт ретінде қызмет атқарып, Сарыағаш қаласы мен оған іргелес аумақтардағы көлік жүктемесін азайтады. Транзиттік көліктердің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жол қозғалысы қауіпсіздігі артып, өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға оң әсерін тигізеді.

Түркістан облысының әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын уақтылы әрі сапалы орындау бағытындағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап, жобаның белгіленген мерзімде іске асуын қамтамасыз ететін болады.

Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 692 шақырымды құрайды. 2025 жылы облыс аумағындағы 291 нысан, яғни 1241 шақырым автомобиль жолдары мен көшелер жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Жыл қорытындысы бойынша 210 нысан немесе 863,2 шақырым жол пайдалануға берілді.

Ал биыл облыс аумағындағы 476,7 шақырым жолдар мен көшелерді қамтитын 64 нысанның құрылысы жүргізілмек. Жыл соңына дейін 57 нысан немесе 347,6 шақырым жолды пайдалануға беру жоспарланған.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Мейірімділік айында халқымыз игі істерін еселеп, сауапқа кенеле берсін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап. «Ардақты ағайын! Сіздерді қасиетті Рамазан…
Толығырақ

Әскерилермен кездесу өтті

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында әскери қызметкерлермен кездесу өтті» деп хабарлайды Түркістан…
Толығырақ

Өзекті мәселелер талқыланды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен агроөнеркәсіп кешеніндегі (АӨК) өзекті мәселелерді зерделеу жұмыстарының қорытындысы бойынша мәжіліс өтәп, Агроөнеркәсіп…
Толығырақ

СОЗАҚ САПАЛЫ СУ ІШЕДІ

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша Созақ ауданында халықты қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Созақ…