Сауранда «Лудомания — қоғам дерті» атты форум өтті

Сауран ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен және аудан әкімдігінің қолдауымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Лудомания — қоғам дерті» атты форум өтті. Аталған шараның басты мақсаты — құмар ойындардың қоғамға, әсіресе жастарға тигізер зиянын түсіндіру, құқықтық мәдениетті арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Шараға аудан тұрғындары, ардагерлер, жастар, дін өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен сала мамандары қатысты. Форум жұмысына Сауран ауданының прокуроры Алмаз Асылбеков модераторлық жасап, жиынның маңыздылығына тоқталды. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда кеңінен орнықтыру — бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі екенін айтты.

Форумда Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов, Сауран аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Жарылқасынов, ауданның бас имамы Еркін Полатов, психолог мамандар, спорт саласының өкілдері қатысты.

Форум барысында ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Жарылқасынов ұлттық тәрбиенің, үлкеннің ақылы мен батасының қоғамдағы рөліне тоқталды. Облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов заңнамалық тұрғыда лудоманиямен күрес шаралары жөнінде пікір білдірді. Ауданның бас имамы Еркін Полатов дін тұрғысынан құмар ойындардың зиянын түсіндіріп, рухани құндылықтарды сақтауға шақырды. Психолог мамандар Мұхтар Шильдерханов пен Фатима Туғанбаева лудоманияға тәуелділіктің психологиялық себептері мен одан шығу жолдары туралы тренинг өткізді.

Сондай-ақ, чемпиондар Айдарбек Тоқтарбек пен Мадхия Усманова жастарды спортқа, тәртіп пен еңбекке шақырды.

Мәдениет қызметкерлері лудоманияның зардаптарын бейнелейтін тағылымды сахналық көрініс ұсынды. Көрініс көрермендерге терең ой салып, құмар ойынның адам тағдырына тигізер кері әсерін әсерлі түрде жеткізді. Шара барысында айтылған ой-пікірлер мен ұсыныстар лудоманияның алдын алуға, жастардың санасын сергек етуге бағытталды.

Habarlike.kz/

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Кәсіподақ мүшелерімен кездесу өтті

«Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі Түркістан облысындағы…