СОЗАҚТА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Созақ ауданында қазақ күресінен ерлер арасында ел чемпионаты өтті. Спорттық шара қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Түркістан облысы мен Созақ ауданының Құрметті азаматы Сексенбай Тұрысбекұлының 85 жасқа толуына орай ұйымдастырылған. Аталмыш додаға еліміздің барлық өңірлерінен 28 балуан қатысып, өз бақтарын сынады. Шараға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов пен аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков қатысып, мерейтой иесіне ізгі тілектерін білдірді.
Жарыстың финалдық белдесуінде Жамбыл облысының балуаны Ғалымжан Қырықбаев пен Түркістан облысының балуаны Әбдіғали Бибарыс күш сынасты. Нәтижесінде жамбылдық спортшы қарсыласынан басым түсіп, түйе балуан атағын жеңіп алды. Бас жүлде ретінде жеңімпазға су жаңа автокөлік табыс етілді. Сонымен қатар, жүлдегерлерге де қомақты қаржылай сыйлықтар үлестірілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

ЖЕТІСТІК БАР, ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖОҒАРЫ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалында кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті. Облыстық партия филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиевтің басшылығымен өткен жиында…
Толығырақ

ҰСЫНЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысында білім саласын дамыту, ұстаздардың біліктілігін көтеру бағытында жұмыстар атқарылуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен мектептердің материалдық…