«Арыс қаласы әкімдігінің мәжіліс залында 2026 жылдың І-тоқсанына арналған жоспарға сәйкес құқықтық оқыту отырысы өтті. Жиынға қала әкімі аппаратының бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Отырысты қала әкімінің аппарат басшысы Талғат Анашбеков ашып, күн тәртібімен таныстырды. Күн тәртібінде мемлекеттік органдар қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер қаралды» деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Отырыста ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы №123 бұйрығы – әкімдіктердің үлгілік регламенті туралы Арыс қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қуаныш Әбдіхалықұлы Шойнахов баяндама жасады.
Сондай-ақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығына сәйкес жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның ішінде «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» тәртібі түсіндірілді. Баяндаманы Арыс қаласының жер қатынастары бөлімі сектор меңгерушісі Қыдырәлі Рахмтулла жасады.
Сонымен қатар, қала әкімінің аппарат басшысы мемлекеттік қызметшілердің әдебі, қызметтік этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Жиын қорытындысы бойынша жауапты бөлімге тиісті хаттама әзірлеп, қажетті шаралар қабылдау тапсырылды» деп хабарлайды баспасөз қызметі.
habarlike.kz