Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиалы мен аудандық ішкі саясат бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында этносаралық қарым-қатынасты нығайту және дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Ленгер қаласындағы №6 ЖББМ жоғарғы сынып оқушыларымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы А.Құрманалиев, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиалының маманы А.Байсеитов, аудандық «Нұр» мешітінің наиб имамы Ж.Жаппаров, аудандық ақпарат түсіндіру топ (АТТ) мүшесі, Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы Төлеби ауданы Бірінші мамыр ауылдық округі «Көлбай ата» мешітінің имамы, Алматы қаласы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің студенті А.Бекболатов және мектеп оқушылары қатысты.
Кездесу барысында аудан көлемінде этносаралық қарым-қатынасты нығайту, дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, құмар ойын, мектептегі әлімжеттік, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, іс-шара соңында қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Облыстық қоғамдық даму басқармасы