Түркістан облысына 1,2 трлн. теңге инвестиция тартылған

Түркістан облысына 10 айда 1,2 трлн. теңге инвестиция тартылып, жаңа зауыттар ашылған. Шетелдік инвесторлармен келіссөздер тұрақты түрде жүргізіліп, жаңа жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Биыл 340 млрд.теңгеге 58 жобаны іске асырып, 8 220 жұмыс орнын ашу жоспарланған. 10 айда 41 жоба (180 млрд.тг) іске қосылып, 5 322 жұмыс орны ашылды.

Инвестициялық әлеует зерделеніп, облыс экономикасының дамуына тың серпін беретін, жалпы құны 2,6 трлн. теңге болатын 111 инвестициялық жоба пулы әзірленген. Энергетика және ауыл шаруашылығын терең қайта өңдеу негізгі басымдықтар болып айқындалды. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 24 мыңдай жұмыс орны ашылып, бюджетке қосымша 100 млрд. теңге салық түседі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров баяндады.

– Жалпы облыста қолайлы инвестициялық климат қалыптасқан. Бұл – сыртқы экономикалық байланысты дамытудың нәтижесі. Әрбір инвестор үшін арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарда дайын алаңшалар жоспарланған. Мемлекет тарапынан қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ салықтық жеңілдіктер қарастырылған, – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.

К.Асыл.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Еңбек дауларының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өңірдегі еңбек ұжымдарымен тиімді қарым-қатынас орнату мақсатында «Қалың қалай бастауыш ұйым?»…