Үйлестіру кеңесі өтті

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға салалық кәсіподақтар филиалдарының және жергілікті кәсіподақтардың төрағалары, кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде:

  1. 2025 жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылау бойынша ;
  2. Еңбекті қорғау және еңбекті қауіпсіздігін сақтау, жазатайым оқиғалардың алдын-алу;
  3. Әлеуметтік — еңбек саласындағы мәселелерді шешу бойынша кәсіподақ ұйымдарының қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде үнемі жариялауды жүйелі түрде жүргізілуін қолға алу;
  4. Басқа да сұрақтар.

Жиынды ашқан аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі өткен жылдың қорытындыларына тоқталып, кәсіподақ ұйымдарының атқарған негізгі іс-шараларын, жеткен жетістіктерін атап өтті. Өз кезегінде қатысушылар өз филиалдары мен жергілікті кәсіподақтардың жыл бойында атқарған жұмыстары бойынша айтып, талқылады.

Келесі кезекте жиын барысында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары туралы айтылды. Бұл тақырып аясында төраға мекемелер мен кәсіпорындарда еңбек жағдайын жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен кездесіп отырған мәселелерді саралап, қатысушыларға қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыру — кәсіподақтардың басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, төраға Бердіғали Өмірәлі күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша кәсіподақ қызметін халыққа ашық әрі түсінікті көрсету маңызды екенін атап, БАҚ пен әлеуметтік желілерде тұрақты түрде ақпарат тарату, іс-шараларды жариялау және қоғаммен кері байланыс орнату жұмыстарын күшейту мақсатында кеңес мүшелеріне нақты тапсырмалар берді.

Бұдан басқа кеңесте өзге де өзекті мәселелер көтеріліп, қатысушылар өзара пікір алмасып, жұмыс барысын жетілдіруге бағытталған нақты сұрақтар мен ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын соңында Бердіғали Өмірәлі барша қатысушыларды келе жатқан жаңа 2026 жылмен құттықтап, денсаулық, бақыт пен жұмыстарына табыс тіледі. Сондай-ақ, кәсіподақ жұмыстарының алдағы жылы да жемісті әрі нәтижелі болатынына сенім білдірді.

 Түркістан Облысы Кәсіподақтар Орталығы

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Кәсіподақ мүшелері үшін құқықтық білім беру семинары өтті

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасының орынбасары А.Бахтыбаев Түркістан қаласындағы «Ерқанат Тәңірбергенов атындағы Түркістан индустриалды-техникалық колледжінің»…