ҚОҒАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ПАРТИЯ САЯСАТЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

Түркістанда туберкулезге қарсы қызметтің 100 жылдығына арналған «Туберкулезге қарсы күрестегі жаһандық және өңірлік үрдістер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады. Ауқымды іс-шараға еліміз бен шетелден келген медицина саласының үздік мамандары, сала ардагерлері, ғалымдар мен қоғам өкілдері қатысты. Іс-шараның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, мерейлі мерекемен құттықтады.

«Ғасырлық тарихы бар бұл орталық – халқымыздың денсаулығын қорғау жолында аянбай еңбек еткен бірнеше буын дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің табанды еңбегінің көрінісі. Бұл – оңай жол емес, сан мыңдаған тағдырға араша түскен, үміт отын жаққан, өмір сыйлаған қасиетті жол. Туберкулез – ғасырлар бойы адамзатқа қауіп төндіріп келген күрделі ауру. Бірақ осы дертпен күресте біздің өңіріміздің фтизиатр-дәрігерлері үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бұл – сіздердің кәсіби біліктілік адамға деген шынайы жанашырлық және адал қызметтің нәтижесі, — деген Ертай Кенжебекұлы дәрігерлерге құрмет көрсетті.

Конференцияның ашылуында сөз алған «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева медицина қызметкерлерін мерейлі мерекемен құттықтап, партияның денсаулық сақтау саласына көрсетіп келе жатқан қолдауына тоқталды.

«Бүгінгі конференция – бір ғасырлық тәжірибені саралап, болашаққа жаңа міндеттер айқындайтын маңызды алаң. Денсаулық сақтау саласы – қоғамның іргетасы. Туберкулезбен күресте дәрігерлердің қажырлы еңбегі мен адалдығы халықтың амандығының кепілі. «AMANAT» партиясы әлеуметтік және медициналық бағыттағы жобаларды әрдайым басты назарда ұстап келеді. Біз үшін ең маңыздысы адам денсаулығы мен оның өмір сапасы», – деді Қалыйма Жантөреқызы өз сөзінде.

Бүгінгі таңда «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп келеді. Орталықта 250 төсек орындық тәуліктік стационар бар. Мұнда пульмонологиялық және оңалту бөлімдері жұмыс істейді. Медициналық мекеме соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Олардың қатарында заманауи стационарлық электрокардиографтар, компьютерлік спирографтар және биохимиялық анализаторлар бар.

Сондай-ақ орталықтың базасында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының клиникалық кафедралары орналасқан. Мұнда жыл сайын мыңнан астам студент дәріс алып, тәжірибеден өтеді.

Конференция жұмысы түстен кейін секциялық отырыстармен жалғасты. Форумға 1000-нан астам қатысушы жиналды. Шетелдік және отандық жетекші фтизиопульмонологтар түрлі тақырыптарда баяндама жасап, туберкулезге қарсы күрестегі жаһандық және өңірлік үрдістер бойынша тәжірибе алмасты.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА КӨЛІК ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ТЕКСЕРДІ

Премьер-министр Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Президенттің Ұлттық құрылтай мен Қауіпсіздік Кеңесінің IV отырысында айтылған автожол…

МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

Білім беру инфрақұрылымын дамыту – «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасында айқын көрсетілген басым бағыттардың бірі екені белгілі. Сайлаушылармен кездесулер…
Толығырақ

Әскерге келетін жастар алған біліміне қарай қандай бөлімшелерге бағытталады

Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылатындарға қандай талаптар қойылатынын түсіндірді. «Мерзімді әскери қызметке шақырылатындар туралы айтатын болсақ, іріктеу кезіндегі негізгі…