Төле биде криминогендік жағдай талқыланды

Аудан көлеміндегі криминогендік жағдай және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында аудан прокуроры Дабыл Аянұлының ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында жиналыс өтті. Бұл туралы Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі хабарлады. Жиында кәмелетке толмағандармен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларын болдырмау мәселелері талқыланды. Жиында криминогендік ахуалды жақсарту және профилактикалық шараларды күшейту жөнінде тиісті шаралар белгіленді.

«Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары Бағдат Жанғазиев, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Қойбағаров, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаров, аудандық мәслихат депутаты Бердіғали Өмірәлі қатысты» деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Депутаттар Келеске келді

«Келес ауданында 2,5 млрд теңгелік жоба іске қосылуға жақын» деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Келес ауданына…
Толығырақ

Түркістан: КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГТЕРІ ФРАНЦИЯ, ГЕРМАНИЯДА КӘСІБИ БАҒЫТТА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Өңірдегі колледж педагогтері мен басшылары Франция, Германия еліндегі кәсіпорындармен техникалық және кәсіби білім беру орталықтарында тәжірибе алмасуда. Әріптестерді…