Тазалық – тәртіп пен еңбек мәдениетінің көрінісі

«AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы Түркістан қаласындағы Шауғар шағын ауданында жалғасты. Іс-шараға Түркістан локомотив пайдалану депосының ұжымы, «Түркістан станциясы» бастауыш партия ұйымының белсенділері, «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері, партия белсенділері, қала тұрғындары, барлығы 100-ден астам адам қатысты.

Экологиялық акция аясында теміржол магистралі бойында тазалық жұмыстары жүргізілді. Қаланың әр түкпірінен келген еріктілер, партия мүшелері мен теміржол қызметкерлері бірлесіп, магистраль бойындағы бей-берекет шашылған қоқыстарды терді, рұқсатсыз қоқыс тастайтын орындарға айналған жерлерді ретке келтірді.

Атап өтуіміз қажет, Түркістан – тоғыз жолдың торабында орналасқан көне шаһар. Мұнда теміржол магистралі арқылы күн сайын мыңдаған жолаушы өтеді. Сондықтан ежелгі рух пен заманауи дамуды қатар қатар өрбіткен бұл қаланың келбеті әрбір келушіге тартымды, таза әрі мәдениетті болып көрінуі тиіс.

« — Біз Түркістанның тарихына ғана емес, оның бүгінгі бейнесіне де жауаптымыз. Теміржол бойындағы тазалық – бұл біздің мәдениетіміздің, елге деген сый-құрметіміздің көрінісі»,- деді «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы Сұлтанхан Таштеев.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясына қарасты Түркістан локомотив пайдалану депосының бастығы Мақсат Танкеев жол бойын тазалау жұмыстары өздерінің кәсіби борышымен үндес екенін айтты. «- Біз күн сайын жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Сол жолдың таза, ұқыпты болуы – біздің ортақ міндетіміз. Тазалық – тәртіп пен еңбек мәдениетінің көрінісі. Бүгін жол бойын тазарту жұмыстарын жүргізсек, сенбі күні тағы күш біріктіріп, жол бойынша 3 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарымызда бар. Жас шыбықтарға қажетті күтімді жасаймыз», — деді Мақсат Танкеев.

Іс-шараға қатысқан жастар жиналған 2 тоннаға жуық қоқысты жүк көліктеріне артып, арнайы орындарға тасымалдануына көмек көрсетті.

«- Партияның «Жастар рухы» жастар қанатының бастамасымен өткен аптада «Taза Қазақстан» road-эстафетасы өткенін білесіздер. Партия бастамасымен жастарымыз 1200 шақырым автомобиль жолының бойын қоқыстан тазартып, қоғамда экологиялық сананың орнығуына үлестерін қосты. Бүгін сол іс-шараның жалғасы ретінде Түркістан қаласындағы магистральді темір жол бойында тазалық жұмыстарына қатысып отырмыз. Қоғам болып атқаратын істе жастарымыз алғы шептен көрініп жүр»,- дейді партияның Түркістан облыстық филиалы «Жастар рухы» жастар қанаты төрағасының міндетін атқарушы Еркебұлан Мадиярұлы.

«Таза бейсенбі» — бұл тек тазалық күні емес, қоғамның өз ортаға деген құрметінің айғағы. Әрбір бейсенбіде қолға алынған осындай шаралар ел азаматтарының табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен ортақ жауапкершілігінің нақты көрінісіне айналуда.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Бейнероликтер көрсетілді

Бәйдібек ауданының IT мектеп-лицейінің ұстаздары мен 300-ден астам оқушыларының қатысуымен, «Заң және тәртіп» қағидатына сай жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың…