«Тегін кітаптарға» сенбеңіз

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді. Шетелдік дереккөздердің (https://vz.ru/news/2026/1/4/1385164.html, мәліметтері бойынша https://www.ixbt.com/live/offtopic/mvd-predupredilo-o vredonosnyh-zagruzkah-cherez-knizhnye-boty-v-telegram.html) алаяқтар тегін электрондық кітаптар ретінде Telegram-ға зиянды файлдарды таратады. Алдау схемасы өте қарапайым: Сіз Telegram-нан кітаптардың үлкен кітапханасына қолжетімділік туралы шектеусіз хабарлама аласыз. Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ кітапты оқу немесе жүктеудің орнына Сізге «арнайы қосымша» деген атаумен вирустық файл жібереді. Файлды орнату өте ауыр салдарға әкеледі: парольдер мен ақшаларды ұрлау, хат алмасу және фотосуреттерге қол жеткізу, смартфонды қашықтан басқару және жеке деректерді жоғалту. Бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату жағымсыз салдарларға әкеп соғуы мүмкін. Кибергигиена ережелерін сақтау және жеке қырағылық осындай қауіп-қатерлерден қорғаудың негізгі шаралары болып қалуда.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Заң аясындағы кеңестер берілді

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының мобильді көшпелі қоғамдық қабылдауы Сарыағаш ауданында жұмысын жалғастырды. Азаматтарды жеке қабылдау кездесуі Жартытөбе…
Толығырақ

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдық мерекесі және «18 қазан – Рухани келісім күніне» орай облыстық дін істері басқармасының…