ПАРТИЯ МЕН ХАЛЫҚТЫҢ АМАНАТЫ

Мемлекет басшысы еліміздің білім саласын жаңғыртуды стратегиялық басымдық ретінде атап, «Келешек мектептері» жобасын жүзеге асыруды тапсырды. Әр балаға заманауи, қауіпсіз және сапалы білім беруге жағдай жасауды, ауыл мен қала арасындағы білім сапасын теңестіруді мақсат тұтқан бастама «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасында қамтылды.

Партияның «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан маңызды нысандардың бірі – Бәйдібек ауданы, Шаян ауылындағы 300 орындық мектептің құрылысы. Бұл нысандағы құрылыстың барлық кезеңі партия өкілдерінің жіті қадағалауына алынған. Нысанның әлеуметтік маңызы ескеріліп, құрылыс алаңына партиялық бақылау бекеті қойылды.

Партияның мониторингтік тобы аталған нысанға кезекті мәрте барып, құрылыс жұмыстарының барысын зерделеді. Партиялық бақылау жұмыстарын аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Қуанышбек Қансейітов, партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, партиялық бақылау бекетінің жетекшісі Сылқымбек Сыпабеков жүргізіп, мердігер ұйым өкілдерімен құрылыс барысындағы өзекті мәселелерді талқылады. Құрылысы аяқталу сатысына келіп жеткен мектептің жоба бойынша жабдықталуын қадағалаудан өткізіп, сапа стандарттарының сақталуы маңызды екенін айтты.

Атап өтуіміз керек, мектеп құрылысын «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның тапсырысымен «Тамыз Құрылыс ББК» ЖШС-гі жүргізуде. Құрылыс жұмыстары 2023 жылғы тамыз айында басталған. Бүгінде ғимаратты қажетті оқу жабдықтарымен қамту жұмыстары қарқын алған. Пәндік кабинеттердің жабдықталуы белгіленген сапа стандарттары бойынша жүргізілуде. Мектептің дайындығы партия өкілдерінің күнделікті бақылауында болады.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Әкелер мектебінің ауқымды тірлігі

Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған «Әкелер мектебі» әлеуметтік, құқықтықұ, рухани мәдениет саласында ауқымды тірліктер атқарып келеді. Әкелер…