Билік пен халық арасындағы тиімді дәнекер

«AMANAT» партиясы 2025 жылды – Бастауыш партия ұйымдарының жылы деп жариялағаны белгілі. Бастауыш ұйымдардың жұмысы партия саясатының айнасы болып белгіленіп, жаңа кезеңдегі басты міндет – қоғамдық диалогты жолға қою деп айқындалды» деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі. Бұл бағытта партияның Түркістан облыстық филиалы аудан, қалалардағы 85 мыңнан астам партияластарымызды біріктіретін 240 бастауыш партия ұйымдарының жұмыс сапасын жаңа деңгейге шығаруды мақсат тұтады.

Облыстағы барлық бастауыш партия ұйымдарын жұмыс кабинеттерімен қамту, оларды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету, партияның бағыт-бағдары мен бастамалары жөнінде ақпарат беретін көрнекілік құралдарының болуын ұйымдастыру мәселелері басшылыққа алынды. Ұйым жетекшілерінің кәсіби дайындығын көтеруде облыстық деңгейде семинар-тренингтер өткізу үрдісі қолданысқа енді. Бастауыш ұйымдарың жергілікті мәселелерді шешуге атсалысып, билік пен халық арасындағы дәнекер болуын үйлестіруде облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының бастауыш партия ұйымдарында тұрғындармен кездесулерін өткізу мәселесі міндеттелді.

Сайрам ауданында 8 мыңнан астам жақтастарымыз 11 бастауыш партия ұйымдарына біріккен. Биыл 171 жаңа партия мүшесі қатарымызды толықтырды. Барлығы 240 мыңға жуық адам қоныстанған ауданда «AMANAT» партиясының бастамасымен «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам» жобалары табысты іске асырылуда. Биылғы 21-22 тамыз күндері аудан орталығы – Ақсукентте «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясымен аумақтық партия филиалдары мен бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына арналған семинар өткізіліп, оған Сайрам, Бәйдібек, Ордабасы, Төлеби, Түлкібас аудандарынан 35 бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері қатысты. Оқу курстары бастауыш партия ұйымдарының қызметін жетілдіру мәселелеріне арналып, оған қатысушылар партия құрылымы мен құндылықтарын меңгеріп, партияның Сайлауалды бағдарламасы мен сайлаушыларға берген уәделерінің нақтылы орындалуы жөнінде біліктілік қабілеттеріне ие болды.

Партияның төменгі буын құрылымдарында жаңа жұмыс тәсілдері мен әдістерін орнықты болуын үйлестіруде бүгін партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев Сайрам ауданына жасаған жұмыс сапары аясында «Құтарыс», «Қайнарбұлақ» бастауыш партия ұйымдарына арнайы барып, жұмысын зерделеді. Атап өтуіміз керек, «Құтарыс» бастауыш ұйымы 400-ге жуық партия мүшесін біріктірсе, «Қайнарбұлақ» бастауыш партия ұйымында 500-ден астам партияласымыз тіркеуге алынған.

Партиялық жұмыс пен алдағы міндеттер туралы және Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуы жөнінде партияның Сайрам аудандық филиалының төрағасы Қуаныш Сыздықов есеп берді. Ал бастауыш ұйымдардың атқарып жатқан жұмыстары туралы олардың жетекшілері Жұмабай Мамеков пен Сұлтан Сәрсенбиев айтып өтті.

«- Партия атқаратын саяси жұмыстардың сапасы ең алдымен бастауыш партия ұйымдарының жұмысына тікелей байланысты. Өйткені, бұл ұйымдар халыққа ең жақын, елдің тынысын тыңдайтын, азаматтардың мұң-мұқтажын жеткізетін алдыңғы шептегі құрылымдарымыз саналады. Жаңа кезеңде бастауыш ұйымдардың басты бағыты – ашықтық пен жауапкершілік болуы тиіс. Әрбір партия мүшесі туған жердің дамуына үлес қосып, әлеуметтік мәселелерді шешуде белсенділік танытқанда ғана халық сенімі ақталады. Жаңа жұмыс бағытттары қоғамда тең мүмкіндіктер орнатуға, жауапкершілікті болуға, мұқтаждарға қол ұшын созуға, азаматтармен жұмыс жүргізуде цифрлы мүмкіндіктерді пайдалануға арналуы керек», — деді Алтынсары Дүйсенбекұлы.

Партияның Түркістан облыстық филиалы бастауыш ұйымдармен байланысты одан әрі бекемдеуге басымдық береді. Ауылда да, қалада да бастауыш ұйымдар жергілікті мәселелерді шешуге атсалысып, билік пен халық арасындағы тиімді дәнекер болуға тиіс деп білеміз және бұл бағыттағы жұмыстарымызды жүйелі түрде жалғастырамыз.

М. Асан.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Патриотизм — ұлт таңдамайды

«Патриотизм — ұлт таңдамайды, Отанға деген махаббат пен пәрменді іс-әрекетің — сенің азаматтығың. Көпұлтты, толерантты еліміздің тыныштығы мен…
Толығырақ

Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен…