ПОЛИЦИЯ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Созақ ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті нығайту. Полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Мұратов, бастаған топ белсенді кәсіпкерлермен кездесті.
Жиын барысында полиция подполковнигі Тұрсынбек Жылқыбаев баяндама жасап, кәсіпкерлік саласында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлеріне тоқталды. Сонымен қатар қатысушыларға заң нормалары мен әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары туралы түсіндірді.
Кездесу соңында полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Мұратов кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, өзара ынтымақтастық пен заңды сақтау – қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің басты кепілі екенін атап өтті.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Ата Заң – іргелі елдің тұғыры

Ата Заң – кез келген елдің іргелі қағидалары мен ережелерінің тұғыры. Одан сол елдің азаматтарының құқықтары мен міндеттері…
Толығырақ

Сот қызметкерлері форумға қатысты

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде «Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік» тақырыбында форум өтті. Сот қызметкерлерінің мұндай форумдарға…