Полицейлер 600 жастың қатысуымен тәрбиелік акция өткізді

Түркістан облысында «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында 600 жас қамтылған “Құрмет пен қаһармандық – ұрпақтар сабақтастығы” республикалық акциясы өтті. Іс-шараға Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Әбілханұлы, қоғамдық қауіпсіздік қызметкерлері және ІІМ ардагерлері қатысты.

Акция Т.Рысқұлов ауылындағы “Ломоносов” мектеп-гимназиясы, “Абай” мектеп-лицейі және “Түлкібас Агро-Бизнес және Саяхат” колледжі базаларында ұйымдастырылып, 200-ге жуық оқушы мен 400 студентті қамтыды.

Ардагерлер жастармен кездесу барысында қызметтік борыш, тәртіп, жауапкершілік және елге адалдық, құқықтық сауаттылық туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Полиция қызметкерлері құқықбұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік ережелері мен азаматтық жауапкершілікті түсіндірді.

Жастар ардагерлерге құрмет көрсетіп, іс-шараның рухани әрі тәрбиелік мәні ерекше атап өтілді. Мұндай тағылымы мол кездесулер облыс көлемінде жалғасын табуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Прокуратура ашық есік күнін өткізді

Қазығұрт ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен пробациялық есепте тұрған сотталғандармен ашық есік күні өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – пробациялық бақылауда…
Толығырақ

Отбасы құндылықтары насихатталды

Бәйдібек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2025 жылғы 4 қазандағы №936 хатына сәйкес «Шаян»мектеп-лицей» КММ-де 06.10.2025ж…