Полиция департаментінде азаматтарды жеке қабылдау өтті

Түркістан облысының Полиция департаментінде азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды. Қабылдауды департамент бастығының орынбасары Бағланбек Айтпаев өткізді.

Жетісай, Кентау, Қазығұрт, Сауран және Түркістан өңірлерінен келген 20-ға жуық тұрғын полиция басшысына өз мәселелерін тікелей жеткізді. Азаматтардың арыз-шағымы бойынша нақты түсіндірмелер беріліп, тиісті басшыларға тапсырмалар жүктелді.

Кейбір мәселелер департамент басшылығының бақылауына алынып, қосымша тексерістер жүргізілген соң жазбаша жауап берілетіні туралы айтылды. Тұрғындар дер кезінде көрсетілген көмек пен қолдау үшін ризашылықтарын білдірді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Құқық бұзушылықтың жолын кескен

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша полицейлер 300-ге жуық құқық бұзушылықтың жолын кескен. «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы…
Толығырақ

Түнгі рейдтер: жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттыруға арналған іс-шара

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысы аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы…