Түркістан облысында полицейлер 2 мыңнан астам оқушымен кездесті

Түркістан облысында полиция қызметкерлері «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында жалпы білім беру мекемелерінде кең ауқымды профилактикалық іс-шаралар өткізді. Іс-шараларға 2 мыңнан астам оқушы қатысты. Полиция департаменті бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен ұйымдастырылған кездесулер жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, буллингтің, нашақорлық пен лудоманияның, сондай-ақ отбасындағы зорлық-зомбылық, интернет-алаяқтық, дропперлік және жол қауіпсіздігі мәселелерінің алдын алуға бағытталды.
Кездесулерге полиция басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері, білім беру саласының өкілдері және «Жас сақшы» сыныптарының оқушылары қатысты. Балаларға заңға құрметпен қарау, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді. Мәселен, Түркістан қаласы мен Мақтаарал ауданында өткен кездесулерге 500-ден астам оқушы қатысты.
Полицейлер жасөспірімдерге түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз көшеде жүрудің жауапкершілігі, жол қозғалысы ережелері мен жеке қауіпсіздік қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы айтты. Сонымен қатар қорқыту, лудомания және есірткіге тәуелділіктің зияны жайлы театрландырылған қойылымдар мен бейнероликтер көрсетілді. Ардагерлер өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жастарды дұрыс таңдау жасауға және лайықты азамат болуға шақырды.
Осындай іс-шаралар Бәйдібек, Төлеби, Келес, Шардара, Сайрам, Отырар, Қазығұрт және өзге де аудандарда да ұйымдастырылды. «Жас сақшы» полиция сыныптарының жұмысына да ерекше көңіл бөлінді. Бұл бастама жасөспірімдердің полиция қызметіне қызығушылығын арттыруға, құқықтық сауаттылығын дамытуға және жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталған. Оқушыларға Алматы, Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе қалаларында орналасқан Ішкі істер министрлігінің оқу орындарына түсу тәртібі туралы ақпарат берілді.
Полиция қызметкерлері атап өткендей, мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда және құқық бұзушылықтардың алдын алуда маңызды рөл атқарады. — Бүгінгі жастар — елдің болашағы. Олардың заңға деген құрметі мен құқықтық мәдениеті — тұрақты әрі қауіпсіз қоғамның негізі, — деді тәртіп сақшылары. Іс-шаралар өңір мектептерінде алдағы уақытта да жалғасын табады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Табиғатты қорғау міндетіміз

Түркістан облысы аумағында 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс- шарасы өткізіледі. Шараның негізгі мақсаты…
Толығырақ

Отбасы құндылықтары насихатталды

Бәйдібек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2025 жылғы 4 қазандағы №936 хатына сәйкес «Шаян»мектеп-лицей» КММ-де 06.10.2025ж…