Сайрам ауданының прокуратурасы марафон ұйымдастырды

Сайрам ауданының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында аудан көлемінде ауқымды марафон ұйымдастырды

Іс-шараға жергілікті атқарушы орган басшылары мен қызметкерлері, пробация есебіндегілер, сондай-ақ 10 жастағы баладан 70 жастағы зейнеткерлерге дейінгі түрлі жастағы ауданның 200-ге жуық тұрғыны қатысып, есірткісіз салауатты өмір салтын қолдауды кеңінен насихаттады.

Бұл бастама жастарды зиянды әдеттерден сақтауға бағытталған маңызды қадам. Үздік нәтиже көрсеткен 10 қатысушыға арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Біздің ортақ мақсатымыз — есірткісіз, салауатты және қауіпсіз қоғам құру.

Заң мен Тәртіп — қоғамның мызғымас тұғыры.

И.Асыл.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Құқығы қалпына келтірілді

Шардара ауданында тұрғынның еңбек ету құқығы қалпына келтірілді Шардара ауданында ерекше жағдай тіркелді. Жергілікті тұрғын мүгедек қызына күтім…
Толығырақ

Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен семинар өтті

Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен “Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу” тақырыбында ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік семинар жалғасын тапты. Іс-шара…