Түлкібас ауданында “Жаңа жол” акциясы аясында азаматқа көмек көрсетілді

Түлкібас аудандық полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің қызметкерлері “Жаңа жол” акциясы аясында тұрғындарға қолдау көрсету және әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету бағытында бірқатар жұмыстар жүргізуде.

Акция барысында тәртіп сақшылары тұрғынға психологиялық көмек көрсетіп, оны қоғамға бейімдеу мақсатында аудандық Мансап орталығы арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдем берді.

Бұл шараның басты мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға қолдау көрсету, олардың қоғамнан оқшаулануына жол бермеу және жаңа өмірге қадам жасауына мүмкіндік беру болып табылады.

Түлкібас аудандық полиция бөлімі тұрғындарды әлеуметтік жауапкершілікке шақыра отырып, қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтау — әр азаматтың ортақ міндеті екенін еске салады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістан облысында «түркістан-су» мкк-ның қызметтеріне тарифтер қайта қаралды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті 2024 жылғы тарифтік сметаның орындалуы…

НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ФЛЕШМОБ ӨТТІ

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында флешмоб ұйымдастырды.…