Полицейлер жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша кездесу өткізді

Түркістан қалалық Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Ахан Дәуірұлы жалпы білім беретін мектептің оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Іс-шара барысында полиция қызметкері оқушыларға заң талаптарын сақтау, қоғамдағы тәртіп пен жауапкершіліктің маңызы, сонымен қатар интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ Ахан Дәуірұлы оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін білу қажеттігін айтып, құқықтық сауаттылықтың өмірдегі маңызын ерекше атап өтті. Кездесу соңында жасөспірімдер полиция өкіліне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты

“Сіз салық декларациясын уақытылы тапсырмағансыз” — алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты Полиция азаматтарды жаңа алаяқтық тәсілінен сақ болуға…
Толығырақ

Прокурор активтерді қайтарды

Қазығұрт ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен ауыз сумен жабдықтаудың жаңа жүйелері іске қосылды. «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске…