Ғазиз Байтасов ерлігі – тәртіп сақшыларына өнеге

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы халық қаһарманы полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған «Капитан Байтасов» көркем фильмін тамашалады. «Көрсетілім барысында жеке құрам қызметкерлері фильмнен терең ой түйіп, нағыз полиция қызметкеріне тән ерлік пен адалдықтың мәнін сезінді» деп хабарлады

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Ғазиз Байтасовтың қайсарлығы мен Отан алдындағы борышына адалдығы – әрбір тәртіп сақшысы үшін ұмытылмас өнеге. Фильмде 2011 жылы Тараз қаласында террорлық әрекет кезінде қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігі мен батырлығы суреттеледі. Ол өз өмірін қатерге тігіп, бейбіт тұрғындардың амандығын қорғап қалды.

Осындай мазмұнды іс-шаралар полиция қызметкерлерінің рухын көтеріп, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі адал еңбектің маңызын ұғынуға мүмкіндік береді.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

«Заң және Тәртіп» концепциясы түсіндірілді

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің басшысы Артыққызы Ғалия, Түркістан қаласында орналасқан «БОЛАШАҚ көпсалалы» колледж студенттерімен…

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

Ордабасы ауданында «Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында полиция қызметкерлері «Жас сақшылар» сыныбымен кездесті. Кәмелетке…