Интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері интернет кеңістігінде жасалатын алаяқтық қылмыстарының алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында тұрғындарға интернет алаяқтарының әрекет ету тәсілдері түсіндірілді. Атап айтқанда, бейтаныс тұлғалардан келген күмәнді хабарламаларға жауап бермеу, жалған интернет-дүкендер мен инвестициялық платформаларға сенбеу, сондай-ақ жеке және банк деректерін ешкімге бермеу қажеттігі ескертілді.

Сонымен қатар полицейлер азаматтарға әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралатын күмәнді сілтемелерге кірмеуді, тек ресми және тексерілген дереккөздерге жүгінуді ұсынды. Полиция қызметкерлері тұрғындарды қырағылық танытып, киберқылмысқа жол бермеуге және алаяқтарға алданбауға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Полицейлер гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша оқушылармен флешмоб ұйымдастырды

Кентау қалалық полиция басқармасының Құқықбұзушылық профилактикасы бағытындағы Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторлары және Кентау қаласы «Дарын» мектеп-лицейінің…
Толығырақ

Сарыағашта “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында оқушылармен кездесу өтті

«Түркістан облысы аумағында өткізіліп жатқан “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Сарыағаш аудандық полиция басқармасында оқушылармен кездесу ұйымдастырылды» деп хабарлайды…