Сарыағашта “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында оқушылармен кездесу өтті

«Түркістан облысы аумағында өткізіліп жатқан “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Сарыағаш аудандық полиция басқармасында оқушылармен кездесу ұйымдастырылды» деп хабарлайды habarlike.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған шараның мақсаты – мектеп оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, қылмыстың өсуіне жол бермеу, сондай-ақ жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру болып табылады. Осыған орайда полиция басқармасы ғимаратында аудандық білім бөліміне қарасты мектептің 151-ге жуық “көшбасшы” оқушыларының қатысуымен танымдық кездесу өтті.

Іс-шара барысында оқушылар уақытша ұстау изоляторы мен әкімшілік арнайы қабылдау орнының жұмысымен танысып, құқық қорғау органдарының қызметі туралы толық ақпарат алды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері тарапынан анонимді сауалнамалар жүргізіліп, жеке сұхбаттар ұйымдастырылды және құқықтық тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді.

Шара соңында оқушыларға заң талаптары кеңінен түсіндіріліп, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Заңмен белгіленген жауаптылық

Ата Заңның 76-бабының 3-тармағы және ҚР Азаматтық процестік кодексінің 21-бабына сәйкес соттардың шешімдері, үкімдері мен өзге қаулылары барлық…
Толығырақ

Бұл Заңды білесіз бе?

«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қамтамасыз ету мақсатында Қылмыстық кодекске некеге тұруға…