Түрістан облысы, Бәйдібек аудандық прокуратурасы ағымдағы жылдың 6 айында ауқымды жұмыстар атқарған.
Атап айтқанда заңдылықтың бұзылуының алдын алу мақсатында 4 тексеру мен 34 талдау жұмысы жүргізіліп, 37 прокурорлық қадағалау актілері енгізілген. Қаралу нәтижесінде 654 заң бұзушылықтар жойылып, олардың орын алуына жол берген лауазымды және жауапты қызметкерлердің 87 тәртіптік жазаға, 23 әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 21.5 млн теңге әкімшілік айыппұл төленген. 18760 азаматтың құқықтары қорғалды, оның ішінде 760 кәмелетке толмаған балалар. Жарты жылдықта 78 млн теңге өндіріліп, заңсыз жұмсалған 14,6 млн тенге қаржы мен құны 37,7 млн теңге болатын жер телімі мемлекетке қайтарылған.
Аудан прокуратурасы (2020-2024ж.ж) “Агроөнеркәсіп кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы”, “Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы” Қазақстан Республикасының Заңдары мен “Ауыл аманаты” жобасының іске асырылуына талдау жұмыстары жүргізіліп, заң бұзушылықтарға жол берілгендігі анықталды.
Осыған байланысты, субсидия алушылар мемлекетке 60 344 500 теңге субсидияны қайтаруға қадағалау актісі енгізіліп, қазіргі уақытта 12 млн теңге мемлекетке қайтарылды.
Заңсыз табысталған 1319 гектар жер қайтарылып, ортақ жайылымға табысталды, сапасы талаптарға сай келмейтін құрылыс обьектілері қайта жөндеуден өткізілді, жетім, көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге қаржы бөлінді.
Аудан прокуратурасымен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй құқықтарының сақталуына талдау жұмыстарының нәтижесімен қадағалау актісі енгізіліп, 2 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Тұрғындарды инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету жұмысы басты назарға алынып, ауыз су, газ, құрылыс нысандары мен автомобиль жолдарын салу қарқынды жүргізілуде.
Қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз ету, құқықбұзушылық пен жол көлік оқиғаларының алдын алу, заңның үстемдігі мен тең құқықтылықты қалыптастыру бағытында профилактикалық шаралар қабылдануда.
Қоғамдық мүддені қорғау саласында негізгі бағыттар бойынша тиісті жұмыстар жалғасын табады.
habarlike.kz/