Жер заңнамасының сақталуы жөніндегі мәселе алқа мәжілісінде қаралды

Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиевтің төрағалығымен жер заңнамасының сақталуы жөніндегі мәселе алқа мәжілісінде қаралды.

Мәжілісте тексеру барысында анықталған заңсыздықтар мен кемшіліктердің себеп салдары талқыланып, жергілікті әкімдер тарапынан жіберілген заң бұзушылықтарға назар аударылды.

Соңғы 3 жыл ішінде (2023-2025жж.) облыс көлемінде жергілікті атқарушы органдармен 6 мың гектардан астам (құны 1,8 млрд теңге) 190 жер учаскелері заңсыз табысталғаны анықталды.

Бұл ретте, әкімдер жер заңнамасында көзделген конкурс талаптарын айналып өтіп, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, жеке қосалқы шаруашылық және қосымша жер табыстау жолымен мемлекет жерлерін заңсыз иеліктен шығарғаны белгілі болды.

Онымен қоса, 400 гектар жерлердің (150 жер учаскесі) нысаналы мақсаты заңсыз кәсіпкерлікке өзгертілген. Бірде бір жағдайда сәулет және қала құрылысы құжаттамаларының талаптары сақталмаған.

Отырыста, заңсыз құрылыстар, жеке тұрғын үй кезектілігі, жерлерді ұтымды пайдалану мәселелері де талқыланды.

Мәжіліс қорытындысымен осы салаға жауапты мемлекеттік органдарға тиісті хаттамалық тапсырмалар беріліп, заң бұзушылықтарға жол берген лауазым иелерінің жауапкершілігін қарау жөнінде ескертілді.

Жер заңнамасының сақталуы облыс прокуратурасының қатаң бақылауында.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

ПОЛИЦИЯ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Созақ ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын…