НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ФЛЕШМОБ ӨТТІ

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында флешмоб ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер мен студенттердің спортқа қызығушылығын арттырып, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру.

Флешмоб Шұбар ауылындағы №18 колледж базасында өтті. Колледж студенттері спорттық ойындар мен түрлі белсенді жаттығуларға қатысып, өздерінің белсенділіктері мен ұйымшылдығын көрсетті.

Мұндай шаралар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қоғамда нашақорлыққа қарсы иммунитетті нығайтуға ықпал етеді.

Ордабасы аудандық полиция бөлімі алдағы уақытта да жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру және зиянды әдеттердің алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастыратын болады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістан облысының полициясы жедел қызметтің қорытындысын шығарды

Түркістан облысы Полиция департаментінде полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің төрағалығымен ведомство басшылығы, қызметтер мен аумақтық бөлімшелер бастықтарының қатысуымен кеңейтілген…
Толығырақ

Бюрократиядан арылту бағыты түсіндірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мақсатында жүргізілген талдау мен мониторинг жұмыстарының…