Заң мен тәртіп ортақ ұғым

Төлеби ауданында оқушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң және Тәртіп» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараға аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Ғалымжан Қуашбаев, ІІО ардагері полиция подполковнигі Пайзылбек Байжарханов, білім бөлімі өкілдері мен мектеп әкімшілігі қатысты.

Кездесу барысында оқушыларға аудандық «Жас сақшы» полиция сыныбының жұмысы таныстырылып, бейнематериал көрсетілді. ІІО ардагері П.Байжарханов жасөспірімдерге заңды білудің маңызын айтып, құқық бұзушылықтың алдын алуда мектептің рөлі зор екенін атап өтті.

Шара соңында мектеп ұжымы осындай кездесулердің тәрбиелік мәні жоғары екенін айтып, тарқасты

Түркістан Облысының Полиция Департаменті
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Учаскелік полиция есеп берді

 Төлеби аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Қуашбаевтың бастамасымен ауыл тұрғындарымен кездесу жиындары жалғасуда. Кезекті кездесу Тасарық ауыл округінде…