«Жас сақшылармен» жолықты

Сауран ауданының бас полицейі Алмат Абидинов жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң мен Тәртіп» тақырыбында кездесу өткізді

Іс-шара “Бабайқорған” атындағы жалпы орта мектебінде ұйымдастырылып, оқушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен заңға құрметпен қарау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында «Жас сақшы» сыныбының қатысушылары полиция қызметінің маңызын танып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Мектеп директоры Изетилла Адаев полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, мұндай шаралардың оқушылар үшін тәртіп пен жауапкершілікке деген көзқарасын қалыптастыруда үлкен рөл атқаратынын атап өтті.

Осындай кездесулер жас ұрпақтың құқықтық сауатын арттырып, әділдік пен тәртіпті өмірлік ұстаным етуіне жол ашады.

Түркістан Облысының Полиция Департаменті
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Сот саласына қойылар талап та жоғары

Ата Заңымыздың 76-бабында «сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады» деп көрсетілсе, 77-бапта: «Судья сот төрелігін іске асыру…