Полиция 4 мыңнан астам педагог пен ата анаға арнап кездесу ұйымдастырды

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Шәкімнің басшылығымен өңірдегі білім беру саласының қызметкерлеріне арналған интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша маңызды кездесу өтті.

Ұйымдастырылған шараға облыс аумағындағы 938 білім беру ұйымының қызметкерлері “zoom” арқылы қатысты.

Жалпы жиынға 4 мыңнан астам педагог пен 3 мыңнан аса ата-ана қосылып, өзекті тақырып төңірегінде пікір алмасты.

Онлайн-кездесуде полицейлер интернет алаяқтықтың кең тараған түрлері мен олардың жасалу тәсілдерін және жеке деректерді қорғаудың тиімді жолдары жайлы түсіндірді.

Сондай-ақ онлайн төлемдер жасау кезінде сақтық шараларын сақтау, күмәнді сілтемелер мен хабарламаларға сенбеу, бейтаныс тұлғаларға банк картасы мен деректерін бермеу жөнінде кеңес айтты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Сайрамда кеңейтілген жиын өтті

Облыс прокуратурасының бастамасымен Сайрам ауданында қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету және «Қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасының орындалу жайы бойынша…
Толығырақ

Полицейские пригласили выпускников университета на службу в органы внутренних дел

В Международном Казахско-турецком университете имени Х.А.Ясави состоялась торжественная церемония вручения дипломов выпускникам юридического факультета. Гостями мероприятия стали заместитель…