Есірткінің зияны сөз болды

«Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттау мақсатында Сайрам ауданының полиция басқармасының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында форум өткізілді.

Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Данышпан Андасбеков, имам Нұржан Абдраманов, полиция басқармасының бастығы Мұхтар Ермеков пен «Жас сақшы» сыныбының оқушылары қатысты.

Форумның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы интернет алаяқтық, буллинг, лудомания, есірткі заттарының зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Шара барысында спикерлер тақырыптар бойынша мазмұнды баяндамалар оқып, алдын алу мақсатында үнпарақтар таратылды.

Кездесу соңында оқушылармен ашық сұхбат форматында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, өзекті мәселелер қозғалды.

Түркістан Облысының Полиция Департаменті
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Ұрлық түбі – қорлық

Полицейлер мал ұрлығының алдын алу жұмыстарын қарқынды түрде атқаруда. «Кентау қаласы аумағында мал ұрлығынның алдын алу және жедел…

Оқушылармен кездесу өтті

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің бастығы Нүркен Сарыпбеков Ішкі істер министрлігінің «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Қараспан ауыл округіндегі…
Толығырақ

Жария тыңдау өткізеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Отырар қызмет» МКК-ның суды арналар арқылы…