Есірткінің зияны сөз болды

«Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттау мақсатында Сайрам ауданының полиция басқармасының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында форум өткізілді.

Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Данышпан Андасбеков, имам Нұржан Абдраманов, полиция басқармасының бастығы Мұхтар Ермеков пен «Жас сақшы» сыныбының оқушылары қатысты.

Форумның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы интернет алаяқтық, буллинг, лудомания, есірткі заттарының зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Шара барысында спикерлер тақырыптар бойынша мазмұнды баяндамалар оқып, алдын алу мақсатында үнпарақтар таратылды.

Кездесу соңында оқушылармен ашық сұхбат форматында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, өзекті мәселелер қозғалды.

Түркістан Облысының Полиция Департаменті
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

МЕДИАЦИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

«Медиация» термині латынның  «mediare», делдалдық ету деген сөзінен шыққан. Медиация — үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес…
Толығырақ

Түркістанда қоғамдық қауіпсіздік үшін бет-жүзді жабуға қойылған шектеулер түсіндірілді

«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету шеңберінде Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен…