«Элиталық кортеждің» жүргізушілері жауапкершілікке тартылды

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлердің назарына Түркістан облысы Сайрам ауданында жол қозғалысы ережелерін бұзған бірнеше қымбат көліктер «кортежінің» бейнежазбасы түсті» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Тексеру нәтижесінде полицейлер «Toyota», «Lexus» және «Daewoo Nexia» маркалы төрт көліктің жүргізушілерін анықтады.

Құқық бұзушылар жол белгілерінің талаптарын сақтамағаны және авариялық жағдай туындатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік мамандандырылған айыптұраққа қойылды, ал жүргізушілермен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Полиция жүргізушілер мен жолаушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады және оларды бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Полиция «Республика күнін» атап өтті

«Республика күні» қарсаңында Полиция департаментінің мәжіліс залында салтанатты шара ұйымдастырылды. ҚР-ның Мемлекеттік туы құрметпен кіргізіліп, әнұран шырқалды. Сондай-ақ…

Прокурор мәжіліс өткізді

Апта басында Түркістан облысының прокуроры Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандар және отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарға, сондай-ақ олардың…