Отбасын қолдау орталықтары белсенгді жұмыс істеуде

Түркістан облысы Бәйдібек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Отбасын қолдау орталығы» КММ биылғы 9 айда 189 азаматқа (оның ішінде 102 әйел, 87 ер адам) әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсетті.

Атап айтқанда, 92 азаматқа – әлеуметтік, 39 азаматқа – құқықтық, 58 азаматқа – психологиялық көмек берілді. Қажеттілігіне қарай тиісті қызметтер ұсынылды. Сонымен қатар орталықтың уақытша тұру ұйымына тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар 1 отбасы, өмірлік қиын жағдайға тап болған 1 отбасы және 8 жасөспірім орналастырылып, оларға кешенді психологиялық және құқықтық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда 7 жасөспірім Сайрам ауданындағы «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау» КММ-не жіберілді. Ал 1 отбасының жағдайы түзеліп, отбасылық ахуалы тұрақтанды.

«Мектепке жол» акциясы аясында 10 отбасының балалары мектеп формалары және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды ерте анықтау және қолдау көрсету мақсатында ауданның 11 ауылдық округі зерделеніп, көмек қажет ететін 105 адам анықталды. Нәтижесінде 17 адамға – бір жолғы әлеуметтік көмек, 3 адамға – атаулы әлеуметтік көмек, 10 отбасына – демеушілер есебінен азық-түлік көмегі, 10 отбасының балаларына – мектеп формасы мен оқу құралдары, 4 адамға – оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша сауықтыру орнына жолдама беріліп, қызмет көрсетілді.

Бұдан бөлек, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында 17 жағдай тіркеліп, әрбір отбасымен психологиялық және құқықтық түзету жұмыстары жүргізілді.

Орталық аудандық полиция бөлімі, аурухана және білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып, 11 ауылдық округте «Зорлық-зомбылықсыз әлем», «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі», «Отбасы – бақыттың кілті», «Бала тәрбиесі – баршаның ісі» және басқа да тақырыптарда 57 іс-шара өткізді.

Ауданның адам көп жиналатын орындарында 1611 ақпараттық үнпарақтар таратылып, 33 азаматтан сауалнама алынды. Сонымен бірге пробация қызметі есебіндегі 30 азаматпен (29 ер, 1 әйел) тұрақты психологиялық және құқықтық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. Олардың 18-іне психологиялық қолдау көрсетіліп, 8 азаматқа 10 АЕК (39 320 теңге) көлемінде бір жолғы қаржылай көмек берілді.

Жалпы, жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 14 фактісі анықталып, тиісті отбасылармен профилактикалық, психологиялық және заңгерлік жұмыстар атқарылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

ПАРТИЯ МЕН ХАЛЫҚТЫҢ АМАНАТЫ

Мемлекет басшысы еліміздің білім саласын жаңғыртуды стратегиялық басымдық ретінде атап, «Келешек мектептері» жобасын жүзеге асыруды тапсырды. Әр балаға…
Толығырақ

Әр тұтынушы өз құқығын білу керек

Бәріміз де түрлі тауарлар мен қызметтерді тұтынып жатамыз. Біз – сатып алушымыз, емделушіміз, жолаушымыз, оқырманбыз, демек тұтынушымыз. Әрбір…
Толығырақ

«Вандализмге жол жоқ!»

«AMANAT» партиясының «Taza Qazaqstan» road-эстафетасы шеңберідегі «Чемпиодық рух» таңғы жаттығуы Түркістан облысының Сауран ауданы, Шорнақ ауылындағы балалар саябағында…