Түлкібаста демеушілер 4 спорт алаңшасын салды

Түлкібас ауданы, Азаттық ауылында заманауи кіші футбол алаңшасының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға аудан әкімі Асқар Естібаев пен аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.

Бұл игі істің жүзеге асуына ауыл тумасы, жанашыр азамат Шыңғысбаев Әсет Байжігітұлы мен оның інісі Ешпенбет Алмас бірлесіп, 15 миллион теңгеге жуық қаржыға демеушілік жасаған. Жаңа алаңша ауыл балалары мен жастарының салауатты өмір салтын ұстануына, бос уақытын тиімді өткізіп, спортпен шұғылдануына мол мүмкіндік бермек.

Биыл Түлкібас ауданында осындай 5 спорт алаңшасы салынған болса, соның 4-еуі жеке азаматтардың демеушілігімен жүзеге асқан. Бұл – аудан тұрғындарының туған жерге деген жанашырлығының нақты дәлелі.

Алдағы уақытта аталған спорт алаңының аумағы аудан әкімдігінің қолдауымен көгалдандырылып, толық абаттандырылатын болады. Түлкібастық жастардың спортқа қызығушылығын арттырып, дені сау ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған мұндай игі істер жалғасын таба бермек.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts