Түркістан облысында бес бағыт бойынша жаңа өндіріс орындары салынып жатыр

Арыс қаласында жаңа өндірістік парктің құрылысы қарқынды жалғасып жатыр. Бүгінде өндірістік аймақта жер тегістеу және инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар өндірістік ғимараттардың құрылысы басталған. Нысанда құрылыс техникасы үздіксіз жұмыс істеуде, дайындық жұмыстары толыққанды өндіріс кезеңіне өтуге жақын.

Қала әкімі жобаның маңызын атап өтіп, жауапты мамандарға құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, мерзімінде әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындары құрылып, қаланың экономикалық әлеуетін арттыруға мол мүмкіндік беретінін алға тартты.

Айта кетейік, Арыс–Отырар тас жолы бойында орналасқан 1,44 гектар аумақтағы өндірістік паркте бес бағыттағы жоба жүзеге асады. Олар: термопанель, пластик есік-терезе, жиһаз, бақша өнімдерін терең өңдеу, сондай-ақ тротуар плиталары мен бордюр бұйымдарының өндірісі дамымақ.

Жобалардың жалпы құны – 215 млн теңге. Іске асқан жағдайда 30-дан астам тұрақты жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жоба Арыс қаласының индустриялық әлеуетін арттырып, кәсіпкерліктің дамуына жаңа серпін бермек.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Жол сапасы қатаң бақылауда

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен кезекті штаб отырысы өтті. Күн тәртібінде облыстық жолаушылар көлігі және…
Толығырақ

Түркістандық ұстаздар көшбасында

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2023 жылдан бастап Президенттік жастар кадрлық резерві үлгісінде «Білім берудегі…
Толығырақ

Он бес сөтке…

Қолымда бір бөтелке сырам бар, әлгінде ғана той дан келгем, жүз метр жердегі пәтеріме шылымымды бұрқыратып аяңдап келе…