Түркістанда домбырашылар флешмобы өтті

Түркістан қаласындағы NIS Turkistan білім ұясында 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» атты домбырашылар флешмобы өтті.

Іс-шара барысында күмбірлеген домбыра үні мен асқақ рухқа толы күйлер көрерменнің жүрегіне жол тартты. Жас домбырашылар «Нәр ағашы», «Келіншек», «Жастар биі», Құрманғазының «Балбырауын», «Ер Тұран» және Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйлерін орындап, көрермендерге рухани қуат сыйлады.

Бұл шара ұлттың мәдени мұраны дәріптеп, жастар бойында елге деген сүйіспеншілікті одан әрі нығайтты.

Ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған шараның жоғары деңгейде өтуіне Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қолдау көрсетті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Тұрғындар талабы тыңдалды

Түркістан облысының «Ашық әкімдік» кеңсесінде жиі жеке қабылдау өткізіліп, тұрғындар өтініші заң аясында шешімін тауып келеді. Бүгін кезекті…
Толығырақ

Патриотизм — ұлт таңдамайды

«Патриотизм — ұлт таңдамайды, Отанға деген махаббат пен пәрменді іс-әрекетің — сенің азаматтығың. Көпұлтты, толерантты еліміздің тыныштығы мен…