Созақта балалар алаңшасы пайдалануға берілді

25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында Созақ ауданы Сызған ауылдық округіне қарасты Қайнар және Басбұлақ елді мекендерінде балаларға арналған жаңа ойын алаңшалары ашылды.

Шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков және аудандық мәслихаттың төрағасы Ордабек Жәмиев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысандардың ашылуымен құттықтады.

Жаңа ойын алаңшалары ауыл бүлдіршіндерінің бос уақытын тиімді өткізіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ауыл тұрғындары мен ата-аналар балаларға қуаныш сыйлаған игі іске ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді. Ал жас бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Тұңғыш теміржолшының тағдыры

1930 жылдың 1 мамырында Түркістан-Сібір теміржолының ашылу салтанаты өтті. Шойын жолмен ең алғашқы болып құрылыс заттарын артқан Э-1441 паровозы…
Толығырақ

«Amanat» қарнақта қабылдау өткізді

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының көшпелі мобильдік қоғамдық қабылдауы Кентау қаласына қарасты Қарнақ елді мекенінде жалғасын тапты. Қоғамдық…