Түркістанға ауғандық министр келді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ауғанстан Ислам Әмірлігінің Өнеркәсіп және сауда министрі Нуриддин Азизимен кездесті. Кездесудің мақсаты – екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, экономикалық және мәдени байланыстарды дамыту, сондай-ақ, сауда мен инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту.

Кездесу барысында тараптар Түркістан облысының инвестициялық әлеуетін, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, логистика және туризм салаларындағы мүмкіндіктерін талқылады.

– Қазақстан мен Ауғанстанды тарихи тамырластық пен өзара құрмет байланыстырады. Түркістан – тек еліміздің емес, күллі түркі әлемінің рухани орталығы. Біз түрлі елдермен достық қатынасты одан әрі нығайтып, өзара тиімді экономикалық байланыстарды дамытуға мүдделіміз. Ауыл шаруашылығы және өзге де салаларда нақты жобаларды бірлесе жүзеге асыруға толық мүмкіндік бар, – деді Нұралхан Көшеров.

Өз кезегінде Нуриддин Азизи Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы дәстүрлі достық қатынастардың маңыздылығын айта келе, Түркістан өңірінің стратегиялық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.

Кездесу соңында тараптар өзара тиімді әріптестікті жалғастыру, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру және мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету жөнінде уағдаласты.

Ауғанстан – Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі. Екі ел арасындағы сауда айналымы жыл сайын артып келеді. Осы жылдың 8 айында сауда айналымы 278 млн. АҚШ долларын құраса, оның ішінде 6,2% Түркістан облысының еншісінде.

Экспорттың негізгі бағыттары: бидай мен ұн, құрылыс материалдары, азық-түлік және металл мен мұнай өнімдері.

Түркістан облысында инвесторлар үшін қолайлы бизнес климат қалыптасқан. 1400 гектардан тұратын Арнайы экономикалық аймақтар және 2400 гектарды құрайтын 20 индустриалды аймақ бар. Бұл аймақтар қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылған. Бүгінгі таңда Ауғанстанның «Талифа» компаниясы осы жеңілдіктерді пайдаланып, Түркістан облысында кептірілген жемістер, көкөністер мен майлы дақылдарды өңдеу зауыты жобасын іске асыруда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Анықтама алуға көмек көрсетілді

Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№2 арнаулы  әлеуметтік  қызметтер  көрсету орталығы»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінде…
Толығырақ

Әкелер мектебінің ауқымды тірлігі

Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған «Әкелер мектебі» әлеуметтік, құқықтықұ, рухани мәдениет саласында ауқымды тірліктер атқарып келеді. Әкелер…
Толығырақ

Жетісайға жаңа техникалар келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жалпыхалықтық деңгейде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Жетісай ауданында санитарлық…