Педагогтерді психологиялық қолдау кабинеті ашылды

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогтердің тұрақты кәсіби дамуына, менталдық саулығына қамқорлық жасауға бағытталған маңызды бастаманы іске қосты. Түркістан және Ақтөбе облыстарының орталық филиалдарында алғаш рет педагогтерге арналған психологиялық қолдау кабинеті ашылды.

Пилоттық жоба мұғалімдердің менталдық денсаулығын қолдауға, кәсіби күйзелістің алдын алуға және стрессті басқаруға мүмкіндік береді.

Кабинетте кәсіби психолог жеке және топтық кеңес өткізеді, релаксация мен арт-терапия сабақтарын ұйымдастырады, түрлі тренингтер мен психологиялық диагностика жүргізеді. Бұл қызметтерді педагогтер «Өрлеу» орталығында біліктілікті арттыру курстарынан өту кезінде пайдалана алады. Жұмыс барысында этикалық нормалар, еріктілік және құпиялылық қағидаттары қатаң сақталады. Алдағы уақытта осындай кабинетті еліміздің басқа өңірлерінде де ашу жоспарланып отыр.

М.Аидын.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Жол сапасы қатаң бақылауда

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен кезекті штаб отырысы өтті. Күн тәртібінде облыстық жолаушылар көлігі және…
Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Түркістан – ұлтымыздың бойтұмары, түркі дүниесінің мәдени астанасы. Бұл шаһармен халқымыздың ондаған ғасырлық тарихы сабақтастып жатыр. Ежелден құтты…